Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіт 40 жас туған күнінде ешкімге айтпай әйелімен Бішкекке кетіп қалған (фото)

Биыл Бүркіт мырза 40 жасқа толған мерей тойын ешкімге айтпай, жақындарымен бірге Бішкекте атап өтті. Көрші бауырлардың өзіне көрсеткен ықыласына риза болып, алғыс айтып жатыр.

20180744_123111578304935_1101660064906739712_n

Сурет: Бүркіттің жеке парақшасынан алынды

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Бүгін ешкімге айтпай өз туған күнімде тыныш, білдірмей, жасырын агент болып жүрсем де, ардақты достарым естен шығармай құттықтап жатыр! Айналайын достарым, таныстарым, құрбыларым, керемет жылы тілектеріңіз үшін көп рахмет! Барлық тілектеріңізді қабыл алдым. Қатты жақсы көремін”, – дейді Бүркіт мырза.

Әншіге жиен қарындасы мен оның құрбылары тосынсый әзірлеген екен. Мұнымен қатар, ол өзін ерекше қарсы алған Қырғызстан қонақ үйіне алғыс айтты.

20066018_1130255153741970_5835928328317435904_n

“Басқа елде жүрсек те, қырғыз халқы бізді танып, қонақжайлылық көрсетіп жатыр. Қырғыз бауырларымызға көп рахмет! Қонақ үйге және Нарғыз есімді қарындасқа көп рахмет! Ал енді есің барда еліңді тап демекші…” – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Айқын Төлепберген су жаңа көлігін көрсетіп мақтанды (фото)

Қоянбаев туған күнін еуропалықтарша ашық аспан астындағы мейрамханада тойлады (фото, видео)

Еркенің “Қайда” бейнебаяны 10 млн көрілім жинап, рекорд орнатты

Ерке Есмахан микрофонын инеге айырбастады

Талқылау