Бүгінгі күннің үздік суреті: Марк Цукерберг бірдей футболкалар топтамасын көрсетті

Сейсенбі, 26 Қаңтар , 2016 18:11

Бір қызығы, ол жариялаған суреттегі футболкалардың барлығы бірдей болып шыққан. Осыны көрген жұрт оның «күрделі таңдауға тап келгенін» айтып қалжыңдапты. Сондай-ақ желіге кірушілер оны жұмысқа қайтып оралуымен құттықтады.

12647560_10102616790362931_3270313262875234676_n

Бұл туралы ол Facebook желісінде жариялаған.

Желінің негізін қалаушы Марк Цукерберг бала күтіміне байланысты алған демалысынан жұмысқа шықты. Жұмысқа кіріспес бұрын ол, ғаламторды пайдаланушы қауымнан «бірінші жұмыс күніне қандай футболканы кисем екен» деп кеңес сұрады. Бұл туралы ол фейсбуктегі парақшасында жазыпты. «Бала күтімінен кейін алғашқы күн жұмысқа шығуым. Не кисем екен?», – деп толғаныпты Цукерберг.

Бір қызығы, ол жариялаған суреттегі футболкалардың барлығы бірдей болып шыққан. Осыны көрген жұрт оның «күрделі таңдауға тап келгенін» айтып қалжыңдапты. Сондай-ақ желіге кірушілер оны жұмысқа қайтып оралуымен құттықтады.

Ол неліктен тек сұр түсті футболкалар киетінін айтты. Оның айтуынша, киім таңдау сияқты аса маңызды емес жұмыстарға уақыт жоғалтқысы келмейді екен. Бұл жағынан келгенде, үнемі қара водолазка киіп жүретін Стив Джобстан үлгі алатынын көрінеді.

Цукергберг 2015 жылы желтоқсанда қызының дүниеге келуіне байанысты екі айға демалысқа шыққан болатын. Бұл орайда ол бала өмірге келген соң ата-анасының жұмыстан босап, оның күтіміне көңіл бөлуі отбасының берік бола түсуіне ықпал ететінін айтты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар