Бүгінде неліктен сабақты тек беске оқуға болмайды

Дүйсенбі, 26 Қыркүйек , 2016 15:05

Ата-анасы әбден талап қойып, барлық сабақты беске оқитын оқушылар жеке арманын ұмытып, өзін ересек өмірге лайықты бейімдей алмайды екен.

shkola
Фото: журнал “Центр Азии”

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Психолог Елена Трякинаның ойынша, үздік оқушылар негізінен әлсіз адамдардың балалары. Олар өз балаларының құқығын елеп-ескермей, тек ғана беске оқуын негізсіз талап ете береді.

“Үздік оқу синдромы” терминін бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін тек бестік бағаға оқитын балаларға қатысты деп қарастырамыз. Ал жоғары сыныптарға барған кезде үздік атану бұл мүлде басқа дәреже. Ондай балалар өз алдарына мақсат қоя алады. Ал тек ғана үздік оқитындар өзінен басқа адамдар үшін жақсы адам болып көрінеді. Бірақ, олардың өз-өздерін қалыптастыруы қиынға соғады. Шын мәнінде үздік оқушылардың ата-анасы балаларын тек үздік оқы деп талап ету арқылы өз амбицияларын ойлайды. Олар осы арқылы ата-аналық парызымызды атқарып жатырмыз деп ойлайды, бірақ шын мәнінде өздерін жұрттың мақтауы үшін солай жасайды. Расында олардың балалары талантты болуы мүмкін, бірақ шектен тыс қойылған талап әсерінен олар өз-өздерін жоғалтып алады”, – дейді психолог Елена Трякина.

Психолог үшке оқитындарды жеке көзқарасы жоқ, жалқау адамдар дейді. Тіпті олардың лайықты жұмысқа орналасу мүмкіндігі де төмен екен. Әйтсе де мамандар, үшке оқитын балаға ата-анасының ұрысып, қинап үздік оқы деп талап етуі орынсыз дейді.

“Мен бала кезімде үштік екіліктен де жаман деп ойлайтынмын. “Қанағаттанарлық” деген баға бұл ұстаздың саған деген реніші, ал екілік – бұл ұстаз тарапынан қойылған нақты көзқарас”, – дейді ол.

Ал психолог Ирина Терентьева үшке оқитындарға басқаша қарайды. Оның ойынша нашар оқитындардың бизнес саласында жиі жолы болады. Ирина классикалық дәрежедегі үшке оқитын оқушыны былайша суреттейді:

“Ол барын салып еңбектенгісі келмейді. Ол әр тапсырманы шешудің жеңіл жолын іздейді. Үздік оқушы бұған дейін міндеттелген ережелерге сүйенсе, үшке оқитындар өз түйсігіне сүйенеді. Бұл бизнесте өте маңызды. Үздік оқушы өмір бойы қиналып, тер төгіп өтсе, үшке оқитын адам өзгелерді жұмсап, өзі қызметте отырады. Барлық қиын шаруаны қасындағы адамдарға артып салады. Жаттанды ұғымдарға байланбағандықтан, ол үшін алатын баға емес, өз жанының рахаты маңызды. Ол соған жұмыс істейді. Демек, оның бизнесмен болып кету мүмкіндігі жоғары”, – дейді ол.

Оқи отырыңыздар:

Жіберіп алмаңыз:

Ұзынағашта өлтірілген ағайындылардың артында 9 бала жетім қалды

Ақтөбеде үш күн бойы цитрамон ішкен жас ана бір аптадан бері ес-түссіз жатыр

Анасы 5 жастағы қызын Атырау-Орал тас жолына тастап кеткен

Қостанайда мысығын құтқармақ болған 6 жасар бала көлік астында қалып кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар