Бүгін Жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысы өтеді

Сенбі, 14 Мамыр , 2016 8:20

Мамырдың 14-і күні еліміздің бас қаласында Жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысы өтіп, ел ағалары халық үшін маңызды мәселелерді талқыға салмақ.

image

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жасақталған комиссияның құрамына Парламенттің қос палатасының депутаттары, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, агробизнес өкілдері, ғалымдар мен азаматтық белсенділер атынан барлығы 75 адам енді. Сондай-ақ комиссияда әр өңірден бір-бір өкілден болады.

Айта кетерлігі, Елбасы комиссияға барлық мүдделі органдар мен қоғамдық бірлестіктер тартылуы қажеттігін де ескерткен болатын. «Резонанс тудырған ережені кеңінен талқылап, ортақ ұстаным әзірлеп, Парламентке беру керек. «Нұр Отан» партиясына демократиялық күштер коалициясы аясында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын. Бұған барлық партиялар, қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдары қатысуы тиіс. Түсіндіру жұмыстарына Үкімет пен Парламенттің қос палатасының депутаттары белсене қатысады деп үміттенемін», – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған дейін хабарланғандай, арнайы Jerturaly.kz  порталы іске қосылды. Порталда Комиссияның жұмысы туралы барлық ақпарат жарияланады. Мұнда қолданушылар көкейтесті сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын қалдыра алады. Қосымша арнайы Call-центр жұмыс жасайтын болады.

Сондай-ақ, бірер күн бұрын Жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысы 14 мамырға белгіленгенін мәлімдеген аталған комиссия басшысы – Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев: «Біз еліміз, оның бейбіт болашағы үшін алаңдайтын азаматтарды ынтымақтасуға шақырдық. Халықты барынша қамту үшін облыстық әкімдіктің жанынан құрылған қоғамдық кеңестер жұмысқа жұмылдырылды. Комиссия біздің азаматтарымызға барынша пікірталастар барысы туралы дұрыс ақпаратты БАҚ режимінде ашық түрде алуы үшін жұмыс істейтін болады», – деп атап өткен еді.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамда резонанс тудырған Жер кодексінің бірқатар нормаларына 2017 жылға дейін тоқтау салып, мәселені жыл соңына дейін егжей-тегжейлі қарастыруды белгілеген еді.


Оқи отырыңыз:

Мұхтар Шаханов Жер кодексін қайта қарайтын комиссияның мүшесі болды

Гүлзира Айдарбекова Жер кодексіне қатысты мәселеде президентті өзімен салыстырды

Рысбек Сәрсенбайұлы жер кодексіне енгізілген өзгерісті хабарлап сүйінші сұрады (видео)

Абылай Мырзахметов жер үшін алаңдаған халық арасында арандатушы күштің жоғын айтты

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар