Бүгін WBC Головкин-Альварес айқасының мәртебесі туралы шешімін жариялайды
Бүгін WBC аталған ұйымның орта салмақтағы чемпиондық титулының мәртебесі жайлы шешім қабылдайды.
Бұл ақпаратты Sports.kz. хабарлады.
«11 желтоқсанда орта дивизиондағы WBC чемпиондық титулының мәртебесі жарияланады», деп жазды өз твиттерінде Дүниежүзілік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман.
Соған қарап, WBC Головкин-Альварес айқасының мәртебесі туралы шешімін жариялайды.
Қазіргі орта салмақтағы WBC әлем чемпионы Сауль Альварес, ал оған үміткер Геннадий Головкин болып табылады.
Талқылау