Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін мұсылмандар Рағайыб түнін атап өтеді

Бейсенбіден жұмаға қараған Рағайыб түні Ережеп айының басталуын білдіреді. Бұл – дұға-тілектер мен құлшылықтар қабыл болатын түн. Бұл түні пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мұхаммедтің ата-анасы Абдулла мен Әмина некелескен.

19_namaz_kul_sharif

Сурет islam.ru

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Ережеп айының айрықша ерекшелігі – мүбәрак екі түні бар. Бірі – Рағайыб, бірі – Миғраж.

Алла Тағаланың ескертуі Құран Кәрімде былай көрсетілген: «Тегінде аспан мен жер жаратылған күннен бастап Алла айдың санын 12 етіп белгілеген. Оның төртеуі (Зулқағда, Зулхижжа, Мухаррам, Ережеп) соғысуға тыйым салынған айлар. Дінде бұл дұрыс. Бұл айларда сендер өздеріңе зиян жасамаңдар! («Тәубе»! сүресі, 36-аят).

Бұл түн хазіреті Әмина анамыз бен хазіреті Абдулланың неке қиған түні. Бұл түн Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) нұры Әмина анамыздың құрсағына түскен түн. Осылайша адамзаттың асыға күткен Пайғамбарлардың мөрі, екі дүниенің сардары жаратылы-сының алғашқы кезеңі. Осыншама жақсылықтың жаршысы атанған қасиетті түн — «рағайып» түні.

Талқылау