Бүгін – Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні

Дүйсенбі, 12 Қыркүйек , 2016 8:45

Бүгін – мұсылмандар үшін ең қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні.

e8a25a94a5191d926def234e748f3fae_big

«Ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, үш күнге созылатын мерекеде  Аллаға арнап құрбандық шалынады. Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.

Айта кетейік, 2005 жылғы 28 желтоқсанда Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдап, соған сәйкес Құрбан айт пен Рождество мерекесінің бірінші күні елімізде демалыс күндері болып жарияланды. Ал тарихи құжаттарға сүйенсек, 1926 жылға дейін Ораза айт 3 күн, Құрбан айт 3 күн, Наурыз 1 күн ресми мереке ретінде тойланып келген.
Құрбан – араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал «ұдһия» деп аталады. Құрбан айт – мұсылмандардың ұлық мерекесі. Ол күні Аллаһ разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын күн. Қажылық өтеушілер Қағбаға жүзін қаратып, Арафатта жалбарынып, дұға оқиды. Дүйім мұсылман баласы пайғамбарлардың ісін қайта жаңғыртып, Алла жолында құрбандық шалу арқылы бір-бірін дінге беріктік танытуға шақырады.

Ал құрбандық шалу төмендегідей төрт шартқа ие жандарға уәжіп болады: Мұсылман болуы, ақылды және балиғат жасына толуы, Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы және  негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы.

Барша мұсылмандарға қасиетті Құрбан айт мерекесі мүбәрак болсын дегіміз келеді. Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз  бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!

Айта кетейік, биылғы Құрбан айт мерекесінде қазақстандықтардың үш күн демалатыны хабарланған болатын. Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде айт намазы оқылды. Сондай-ақ, Алматыда Құрбан айт кезінде құрбандық шалатын орындар анықталған болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар