Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жексенбі күні жаңбыр жауып, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста нөсерлетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, солтүстікте жел күшейеді, оңтүстікте ол шаңды дауылға ұласады.

600

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды.

Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Кей жерлерде бұл көрсеткіш 25-30-ға дейін жетеді. Ақмола, Павлодар облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түседі. Қостанай облысында түнде кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метр болады. Кей жерлерге тұман түседі. Қарағанды облысында жел 15-20 метр/секундке дейін күшейіп, жекелеген аудандарда бұл көрсеткіш секундына 25 метр болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында найзағайлатып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде 23 метрге дейін ұлғаяды. Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші секундына 15-20 метр болады. Таң ата және күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі деп күтілуде. Алматы облысының бірқатар аймақтарында желдің екпіні секундына 18-23 метрге дейін жетеді деп күтілуде және аталмыш аймақта құмды дауыл соғуы ықтимал, күндіз найзағай ұрады. Маңғыстау облысының кей аймақтарына тұман түседі.


Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев Пасха мерекесімен құттықтады

Бойжектен байланысын үзген отбасылы жігіттен жүкті болып қалған

Қазақстандық әйел: Пәк еместігімді күйеуім бетіме басқан емес

Қыздық пердесіз туған әйел күйеуін пәктігіне сендіре алмай қиналып жүр

Талқылау