Қазақстанда жетінші рет ұлттық аза тұту күні жариялады

Бейсенбі, 9 Маусым , 2016 17:03

9 маусым  – Қазақстанда Ақтөбедегі теракті кезінде қаза тапқандарға аза тұту күні. Бүгінгі күн ел президентінің нұсқауымен қаралы күн деп жарияланды. Еліміздегі барлық мекемелер мен орталықтарда, білім беру нысандары мен әр бір жергілікті басқару органдарының туы төмен түсірілді. Қазақстан бойынша арналар мен радиодан ойын-сауықтық бағдарламалар алынып тасталды. Жарнама көрсетуге де тыйым салынған. Барлық концерттік шаралар мен  спорттық жарыстар уақыты кейінге шегерілген.

қаралы-күн

Есте болса, Ақтөбедегі террористік шабуылдан 5 маусым күні жеті адам қаза тапты.

қару-дүкені

Михаил Матросов.

1b59bfe2-d680-4c4b-b748-1547d224e6e9

Михаил Матросовтың 13 жасар баласы жетім қалды. 5 маусым күні Михаил ағасы Виктормен бірге қару сататын дүкенге келген.

Андрей Максименко

аза3

Максименконың әйелі  жанкештілер бірінші болып «Паллада» дүкенінің сатушысы Андрейдің денесіне тапаншаны тақап атқанын айтады.  Ол шабуылдаушылардың бірінші құрбаны болған. Андрейдің осы дүкенде сатушы болып жұмыс істегеніне 5 жыл болыпты. Тура маусымның 8-і күні 44 жасқа толатын еді.

Мейірхан Тәжібаев

аза2

Мейірхан Тәжібаевтың «Күзетте» жұмыс істегеніне енді екі ай болыпты. Оның жұмыс кезегі 6 маусым болған. Әріптесі өтініш білдіргендіктен 5-і күні жұмысқа шыққан. «Паллада» дүкеніндегі шақыртуға бірінші болып келген. Шабуылдаушылар оны мойнынан атып өлтірген.

Николай  Онищенко

22d18e1d-08d3-47ca-9b41-f4f02d5eb5ec

Бүлік шығарғандар зейнеткердің көлігін алу мақсатында оған қарай оқ атқан. Николай  69 жасқа толған туған күнін атап өтуге  бірер күн қалғанда қайтыс болды. Ол шабуылдаушылар тонамақ болған дүкен жанына көлігін қойған.

 Даниэль Майлыбаев

аза5

40 жастағы әскери қызметкер  әскери бөлімге шабуылдау кезінде қаза болды. Оның артында төрт баласы мен әйелі қалды. Ол террористердің оғына қарсы жүріп әскери  бөлімді кеудесімен қорғап, қаза болды.

Берік Қалиев

скачанные файлы (2)

37 жастағы  келісім бойынша әскери қызметкер  Берік Қалиев №6655  әскери бөлімге жасалған шабуылдау кезінде қаза болды. Оның артында төрт баласы мен әйелі қалды.

Сапар Досбол

қаза

Қатардағы жауынгер Сапар Досбол  шабуыл жасалған күні  әскери қалашықты күзеткен. Ол қасындағы қызметтестерімен бірге  оқ өткізбейтін кеудешеде, қолдарында резеңке таяқ болған. Қаскөйлер оқ жаудырған кезде Досболға екі оқ тиген. Бірі  бетіне, екіншісі аяғына. Ол оқиға орнында  қаза болған.

Бұған дейін  Қазақстан халқы  аза тұтқан қайғылы оқиғалар:

“Ленин” шахтасындағы жарылыс

if[nf

2006 жылғы 22 қыркүйекте  Қарағанды облысына қарасты «Миттал Стил Теміртау» АҚ қарасты  Ленин шахтасында  метан жарылды. Өрттің кесірінен 41 кенші қаза болған еді. 7 адам жараланған. Қайғылы жағдай кезінде жер астында 400 кенші жұмыс істеп жатқан. Олардың көбі апаттан құтқарылды. Жарылыстың себебін мемлекеттік комиссия өкілдері  техникалық қауіпсіздікті сақтамау деп түсіндірген. Комиссия болған жайтқа 22 адамды кінәлі деп тапты. Олардың қатарында «Миттал Стил» АҚ-тың бұрынғы бірінші басшысы бор.

«Абай» шахтасында  Метан жарылды.

Ленин

Қарағанды облысындағы  Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты  «Абай» кен орнында  2008 жылдың 14 қаңтарында  метан жарылған еді. Жарылыс салдарынан 30 адам мерт болды. Тағы 14 адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алған. Өрт тек қайғылы жағдайдың екінші күні ғана ауыздықталды. Өрттің шығу себебін тексерген комиссия  көмір департаментінің кесірінен деген қорытындыға келген.

 Қызылағаштағы  су бөгеті жарылды

қызылағаш

Алматы облысына қарасты Қызылағаш ауылында 2010 жылы наурыздың 11 мен 12-не қараған түні дамбы жарылып, ауылды қызыл су шайды. Қатты келген ағын судан 45 адам қайтыс болды. Олардың 11-і балалар еді. 370 үйді мүлкімен қоса топан су шайып кеткен.

2012 жылғы «Арқанкерген» оқиғасы.

челах

«Арқанкерген» шекара бекетіндегі қайғылы жағдай 2012 жылдың 28 мамырында болды. Жанып кеткен шекара бекетінен 15 адамның мәйті табылды. Болған жайтқа жалғыз тірі қалған 19 жастағы  жауынгер Владислав Челах кінәлі деп танылған. Тергеу амалдары жүргізілген кезде ол өз кінәсін мойындаған. Кейіннен өзі айтқан сөздерден бас тартқан еді. Сот жігітті кінәлі деп ерекше қадағалаудағы абақтыға өмір бойына жапты.

2012 жылы  шымкентке жақын жерге ұшақ құлады

әскери

2012 жылдың 25 желтоқсан күні  АН-72 ҚР ҰҚК қарасты шекара қызметінің  әскери-тасмалдау ұшағы  Астана-Шымкент бағыты бойынша келе жатып, межелі жерге 20 шаршы метр қалғанда апатқа ұшырады. Ұшақтағы 27 адамның барлығы опат болды. Олардың 7-еуі экипаж қызметкері, 20-сы әскери қызметшілер еді. Ұшақ апатына оны қауіпті биіктікте ұзақ ұстаған диспетчер кінәлі деп танылды.

 2013 жылы 29 қаңтарда Scat әуе компаниясына тиесілі ұшақтың опат болуы

шахта1

29 қаңтар күні  Көкшетау-Алматы бағыты бойынша сапарға шыққан ұшақ құлады. Ұшақ алматыға 5 километр қашыққа құлаған. Қайғылы жағдай кезінде 21 адам қаза болды: 5 экипаж қызметкері,16 жолаушы. 2016 жылдың  сәуірінде  Алматыда  әуе компаниясының  жазғы қызмет  директоры  Вячеслав Артеменко сотталды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Ғалия says:

    Мұндай апаттар елімзде енді орын алмаса екен деп тілеймін.

  • Сандуғаш says:

    Ендң осындан соң болмаса екен аза тұту күні

  • Жұмбақ жан says:

    Кеше Казакстан Улттык арнасында 25 жыл ишинде 4 каралы кун жарияланды деп еди.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар