Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін еліміздің бес облысында бұрқасын соғады

25 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде қар күтіледі, тек республиканың батысында және оңтүстігінде күн ашық болады.

30-01-14-pogoda-21

Кей жерлерде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын, солтүстік-шығыста және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, таңертең жөне күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20  м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.  Алматы облысында түнде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.  Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, түнде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстанда қазіргі жасөспірімдердің ерте жыныстық жетілуінің себебі неде?

Ата-аналарға кеңес: балаңызға ойыншық таңдай білесіз бе?

Қазақстандықтар ұрық доноры болу арқылы қалай ақша табады

Шариғатта бала кезінде атастырылып қойған екі жастың үйленуі міндетті ме

Талқылау