Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіт пен Айша түсірген боевиктерінің тұсауын кесті (видео)

Қос ғашық нағыз экшн жанрында түсірілген бейнебаяндарының тұсауын кесті. Олардың кезекті туындылары түрлі оқиғаға толы екен.

image

Фото: instagram.com/berkut_kazakhstan/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бейнебаян Бүркіт пен Айшаның осы уақытқа дейінгі туындыларынан ерекшеленеді. Себебі, мұнда табиғат көріністері әдеттегіден тым аз. Көбінесе белгілі бір ғимараттың ішінде түсірілген. Мұнымен қатар, түсірілімге Жан Байжанбаев, Саят Исембаев, Настя Сметанина, Игорь Мицкевич, Сұлтан Данаев сынды қазақстандық танымал актерлер атсалысқан.

Аталған туындыға әншілердің тыңдармандары түрлі баға берді. Көпшілік оның көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтынын айтып жатыр. Мұнымен қатар, жұлдызды жұптың барлық әндерінің бір-біріне ұқсайтындығын тілге тиек еткендер де бар.

Жуырда Бүркіт “Келші құланға” атты бейнебаянының тұсауын кескен болатын. Бұл видеоны ол осыдан 30 жыл бұрын жарық көрген әнге арнаған-ды. Сөзі анасы Айша Көпжасароваға, ал музыкасы Мэлс Озбековке тиесілі.


Жіберіп алмаңыз:

Шетел аралағанды ұнататын Бүркіт отбасымен Балқашта демалуда (фото, видео)

Бүркіт алғаш рет туған інісін көрсетті

Бүркіттің Айшасын біреулердің ұрлап кеткені қаншалықты рас

Бүркіт құжаты жоқ ескі көліктер сатып алмақ

Талқылау