Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіт інісі Әлимен бірге желіде жыр байқауын ұйымдастырды (фото)

Бүркіт өзінің інісі әрі сахналасы Әли Жансейітпен бірге желіде байқау ұйымдастырды. Әнші өзінің жаңа бейнебаянының мағынасын ашатын өлең шумақтарын жазған адамға ақшалай сыйлық ұсынбақ, деп хабарлады Stan.kz.

87432332332

Жуырда Бүркіт пен Әлидің «Жалған махаббат» атты бейнебаяны жарық көрген еді. Осылайша Бүркіт өзінің туған інісі Әлиді шоу-бизнес әлеміне алып келді. Енді қос әнші аталмыш бейнебаянға қатысты байқау ұйымдастырды. Ол үшін қатысушылар кем дегенде 4 жолдан тұратын жыр шумақтарын жазуы тиіс.

«Өлең қазақ, орыс тілінде қабылданады. Басқа да авторлардың өлең шумақтарын қолдануға рұқсат етіледі», – делінген байқау туралы анықтамада. Байқау 15 қарашаға дейін жалғасады.

Тапсырма: 🔴 YouTube жүйесінен бейнебаянды тамашалап, БҮРКІТ пен АЛИдің “ЖАЛҒАН МАХАББАТ” атты бейнебаянының соңғы бөлімінің мағынасын ашатын кем дегенде 4 жол шумақ өлең жазыңыз. Өлең қазақ, орыс тілінде қабылданады. Басқа да авторлардың өлең шумақтарын қолдануға рұқсат етіледі. “ЖАЛҒАН МАХАББАТ” бейнебаянын биодағы сілтеме арқылы немесе Youtube желісінде көре аласыз. Ереже. 🔴 1. Өлең кемінде төрт жолдан тұруы тиіс(1 шумақ,). 2. Қатысушы конкурс суретін өз парақшасына салып, сурет астына #аликонкурс хэштегін белгілеңіз! 3. @ali_zhanseit парақшасының оқырманы болуы тиіс , конкурс барысынан қалмас үшін 4. Өлеңді конкурс суретінің астына жазып, #аликонкурс хэштегін белгілеңіз 5. Өзін селфи видеоға өлеңді мәнерлеп оқығанын түсіргендің, мүмкіндігі артады. Ол үшін видеоны өзіңіздің парақшағызға салып #аликонкурс хэштегін белгілеңіз. 6. Конкурс қарашаның 15-не дейңн жалғасады. 7. Конкурс төрешілері @ali-zhanseit , @berkut.kazakhstan , @assel.askar Конкурста жеңіске жеткен қатысушыларды @ali-zhanseit , @berkut.kazakhstan парақшаларынан көре аласыз.

Фото опубликовано Бүркіт_❤️_Aisha (@berkut.kazakhstan)

Жіберіп алмаңыз: 

Режиссер Асқар Ұзабаев пен Әсел Сәдуақасова бірігіп кино түсіруге кірісті

БАҚ-қа шолу. Әли Оқапов әскерге бару үшін комиссариатқа өтінішпен барған

Аша Матай тұңғышын дүниеге әкелді

Сахналық әріптесі Серікбол Сайлаубектің қолын сындырды

 

 

 

Талқылау