Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүлдіршін суретке түсіріп тұрған анасының көз алдында баспалдақтан құлап кетті (видео)

Сочиде бүлдіршін суретке түсіріп тұрған анасының көз алдында баспалдақтан құлап кетті, деп хабарлайды Вести.Ru басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Сочиде кішкентай бала сауда орталықтарының біріндені баспалдақтан құлап кетіп, салдарынан маңдай сүйегі сынып, бас сүйек-ми зақымын алды. Оқиға баласын суретке түсірмек болған анасының көз алдында орын алған. Болған оқиға сауда орталығындағы бақылау камерасына түсіп қалған.

15 ақпанда сағат 11:00 шамасында келіншек екі баласын арбамен алып жүрген әйел «Сити Плаза» сауда орталығында лифтіге мінбек болған. Кішкентай балалар лифтінің шақыру тетігін қайта-қайта баса бергеннен кейін, аналары олардың көңілін аулау үшін суретке түсірмек болған. Алайда балалардың кішісі суретке түскісі келмей, шетке қарай жүгіре жөнелген. Осы кезде лифт шахтасы мен баспалдақ арасындағы қуысқа құлап кетіпті.

Бала бір қабат төменге құлаған. Оны бірнеше секундтан кейін анасы тауып алды. Маңдай сүйегі сынып, бас сүйек-ми жарақатын алған бүлдіршін ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта Ресейдің тергеу комитеті болған оқиғаға назар аударып, тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Танымал әнші жолында кездескен адамдарға миллион доллар таратып берді (фото)

Ер адам дәретхана құбырына түсіп кетіп 3 күн бойы шыға алмаған (видео)

Егіздердің бірігіп кеткен жүрегін ажырату үшін 75 дәрігер 7 сағат ота жасады (фото)

Ер адам өз ұсынысынан бас тартқан әйелдің бетіне қышқыл шашып жіберген

Талқылау