Бүлдіршін күніне 40 шылым шегуді әдетке айналдырған (фото)
Жасөспірім бала күнінен тоқтаусыз темекі тартып келген. Ол бұл әдетінен 9 жасында арылыпты. 40 күн ішінде темекіден бас тартып, артық салмақтан арыла бастаған. Бүгінде ол мектебіндегі үлгілі оқушылардың қатарын толықтыруда.
Бұл туралы The Daily Mail хабарлайды.
Индонезияның Суматра ауылында жасөспірім тоқтаусыз темекі тартатын болған екен. Оның шылымға деген құмарлығы екі жасынан басталған. Артынша темекіден бас тартып, салауатты өмір салтын қалыптастырмақ болған. Алайда темекіні тамақпен алмастырғандықтан, ол аз уақыт ішінде артық салмақ жинап алады. Кейін 2013 жылы ол артық салмағынан да арылып, мектебіндегі үлгілі оқушылардың қатарына қосылады.
Бес жасында салмағы 24 килограммға жеткен екен. Алди Ризал күніне 40 шылым шегетін болған. Бұл хабар бір күні Индонезия билігіне жеткен. «Алдиге шылым шегуге тыйым салғанымызда ол айқайға басты. Қазір керісінше бұл жаман әдетке жолағысы келмейді», – дейді Алдидың анасы.
Бастапқыда Алди шылымды пицца мен қоюлатылған сүтке алмастырған. Осының салдарынан ол көп салмақ жинап алған екен. Отбасы оны диетолог маманға тексертіп, күнделікті тұтынатын тағамдарын қатаң бақылауға алған. Жеміс пен көкөніске құрылған 4 жылдық диетаның арқасында ол артық салмағынан толықтай арылған.
Жіберіп алмаңыз:
Ағасы інісінің қанын ішіп, миын жеп қойған (фото)
Ата-анасы дәрігерлердің сөзін тыңдамай “біріккен” егізін аман алып қалғанына қуанып жүр
Британиялық әйел бір мекемеде 70 жыл бойы жұмыс істеп келе жатыр
82 жастағы Жапония азаматы түнгі клубта диджей болып жұмыс істейді