Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүкіл денесін тіліп тастаған: Жамбыл облысында орақпен шауып өлтірілген ер адамның туыстары тергеу барысына наразы

Жамбыл облысында айуандықпен өлтірілген ер адамның туыстары оның өліміне қатысы бар адамдардың әділ жазаланғанын қалайды. Топтық төбелес кезінде олардың ұлының денесін орақпен тілгілеп тастаған. Салдарынан ер адам көп қан жоғалтып, көз жұмды. Оқиғадан кейін полиция тек бір күдіктіні тұтқындаған. Дәл осы жайтқа марқұмның отбасы разы болмай отыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Бүкіл денесін тіліп тастаған: Жамбыл облысында орақпен шауып өлтірілген ер адамның туыстары тергеу барысына наразы

31 жастағы Дәурен Құралбаевты қансыраған күйінде Шу аудандық ауруханасының дәріханасының маңына әкеліп,  тастап кеткен. Артынша күзетші жедел жәрдем мен полиция шақыртқан. Дәрігерлер ер адамның денесінде 10-ға жуық тілік барын санаған. Артынша оның денесін орақ және пышақпен кескілегені белгілі болды.

«Жарасы өте терең болды. Орақпен басын, құлағын, мойнын, аяғын, бүклі денесін кескілеп тастаған. Кей тіліктердің тереңдігі 20 сантиметрге дейін жетеді. Ол бүкіл қанын жоғалтты деуге болады. Дәрігерлер оны құтқару үшін қан құйды. Алайда нәтиже болмады», – дейді марқұмның жұбайы Райхан Жолдыбаева.

Марқұмның жұбайының сөзінше, күйеуі таныстарының қолынан ажал құшқан. Анықталғандай, сол күні оны достарымен кешкі асқа шақырған. Дастархан басында қонақтар мен үй иелерінің арасында дау-дамай туып, арты төбелеске ұласқан. Оның соңы адам өлімімен аяқталды. Дәуренге орақ және пышақпен шабуыл жасағанда, достары қашып кеткен. Туыстарының сөзінше, марқұмның өліміне 8 адамның қатысы бар болғанымен, тек біреуі ұсталған.

«Менің ұлымды өлтіргендердің тек біреуін ұстады. Ол өзі мүгедек және інәсін өзі мойындап келіпті-мыс. Артынша ол өз сөзінен бас тартып, оның орнына ағасын тұтқындады. Басқалары қашып жүр. Ешкім оларды ұстаған жоқ», – дейді марқұмның анасы Сәрсенкүл Қамшыбаева.

Туыстарының айтуынша, денесі аясуыз тілініп, қан-жоса болған Дәуреннің әлі тірі кезіндегі күйін полицейлер суретке түсіріп, желіге таратып жіберген. Алайда жергілікті полиция қызметкерлері мұны жоққа шығарып отыр.

«Зардап шегушінің ауыр халдегі суретінің желіде тарағанына полиция қызметкерлерінің қатысы жоқ. Күдікті өз қылмысын толық мойындады», – дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Полицейлердің мәлідеуінше, тергеу әлі аяқталмаған, алайда әзірге күдікті тер біреу ғана.

Десе де марқұмның туыстары өз айтқанынан қайтпай отыр. Олар, тіпті, шағымын Астанаға жеткізбек.

Марқұмның артында жұбайы мен 3 баласы қалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау