Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

7 желтоқсан күні Қазақстанның көптеген бөліктерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз  болады, соған байланысты жауын-шашын, көбінесе қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

қар

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіліп, жел 15-20 м/с болады. Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейіп, бұрқасын болады. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейіп, бұрқасын болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, түнде Алматы облыстарының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау  облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз көптеген бөлігінде екпіні 17-22 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі

Талқылау