Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін Пхенчханда қысқы Паралимпиада ойындары басталды

Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында қысқы Паралимпиада ойындарының алауы тұтанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пхенчхан қаласында өтетін Паралимпиада ойындарын 18 наурызға дейін жалғасады. Қысқы ойындарға қазақстандық спортшылар да қатысады.

Биыл байрақты дода осымен 12-рет тұтанғалы отыр. Додаға Қазақстаннан 6 спортшы қатысады. Атап өтетін болсақ, Қазақстан құрамасы сапында Қайрат Қанафин (шаңғы және биатлон), Александр Герлиц (шаңғы және биатлон), Сергей Усольцев (шаңғы және биатлон), Денис Петренко (шаңғы), Жаңыл Балтабаева (шаңғы) және Александр Колядин (шаңғы) спортшылар бар.

Айта кетсек, Паралимпиада ойындары – кембағал жандар арасында, яғни мүгедектер арасында өтетін халықаралық спорттық жарыс. Дәстүр бойынша аталған дода басты Олимпиада ойындарынан кейін өткізіледі.

Оқи отырыңыз:

«Канелоның» тағы екі допинг сынамасының нәтижесі белгілі болды

Боксшы Назым Қызайбайдың зілдей балғамен жаттығу жасаған сәтінің видеосы пайда болды (видео)

Головкиннің спорттық мансабы қашан құлдырайды

“Барселона” мен “Арсенал” командаларында ойнаған футболшы “Қайратқа” келуі мүмкін

Талқылау