Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты шешім шығармақ

Қытай соты бүгін есірткі саудасына қатысты істі болған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың апелляциялық шағымы қарайды.

неку

Сурет reactor.inform.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Тек соңғы бес жыл ішінде Қазақстанға шетелде жазасын өтеп жүрген біздің 158 азамат қайтарылды. Тек қана Қытайдан сол мемлекетте ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған біздің 11 азамат қайтарылды. Тағы 10 адам жазасын өтеуде, оларды Қазақстанға аудару үшін біз жұмыс жасаудамыз”, – деді ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель.

Бұдан басқа, оның атап өтуінше, Қытайдағы қылмыстық процеске тартылған біздің тағы 13 азамат бар, олар бойынша қазіргі кезде соттар немесе тергеу органдары түпкілікті шешімді әлі қабылдамаған. Бұл азаматтарға қатысты Қазақстанға беру бойынша жұмыс Қытайдың соттарымен түпкілікті шешімдер қабылдағаннан кейін басталады.

“Бұл есірткі заттарының контрабандасы үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына Гуанчжоу сотымен сотталған Ақжарқын Тұрлыбайға да қатысты.Оның апелляциялық шағымы ағымдағы жылдың 6 сәуірінде Қытай сотымен қаралады және осыдан кейін ғана біз оны аудару мәселесін қарастыра аламыз”, – деді И.Меркель.

Талқылау