Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталып, кей жерлерде қар жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күшеюі күтіледі.

sneg

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Солтүстікте қар жаумайды.
Алматы облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, Жамбыл облысында тәүлік бойы, Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде жел 16-21 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан, Ақтобе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын мен жел соғады – 15-20 м/с.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Маңғыстау, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ, Манғыстау облысында тәулік бойы, Атырау облысында түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Талқылау