Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

25 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі.

Бұл туралы “Кахгидромет” хабарлайды.

Тек оңтүстікте,  солтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік батыста шаңды дауыл күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с дейін, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Жамбыл облысында түнде кей жерлерінде тұман, желдің 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде найзағай болады, кей жерлерде шаңды дауылмен қатар желдің екпіні 15-20, күшейіп 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, Атырау облысында екпіні 25 м/с дейін жетеді. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде 1-6 градусқа дейін суытады.


Жіберіп алмаңыз:

Сәтбаевта педофилді ұрған полицей сотталып кетті

Оралда кондуктор 10 теңге үшін оқушыны аялдамадан түсірмей қойған

Қарағандыда 5 жасар қызды зорлаған педофил тағы 1 ай қамауда отырмақ

Қостанай облысы: Жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен депутат ұсталды

Талқылау