Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түседі, кей жерлерде көктайғақ болады

Бүгін атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Республиканың көптеген бөліктерінде ауа-райы құбылмалы болады, соған байланысты жауын-шашын, тұман, көктайғақ күтіледі.

мұзззз

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, кей жерлерінде тұман болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с-ға дейін күшейеді, түнде және таңертен кей жерлерінде тұман түседі.

Атырау облысының көп бөлігінде тұман күтіліп, кей жерлерінде көктайғақ болады.

Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Талқылау