Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн суытады

Республиканың көп бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын мен жел күтіледі.

cvety-vesna-dozhd-solnce-bliki

www.badfon.ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, екпіні 28 м/с болады. Ақтобе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қарғанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман,көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады.

Ақмола облысының күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Талқылау