Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азиялық актриса инфекция салдарынан мұрын мен ауызсыз қалды (фото)

Болашағынан үміт күттірген актриса бір сәтте-ақ көрікті жүзінен айырылды. Инфекцияның салдарынан оның мұрны мен ернінің жарты бөлігін кесуге тура келді.

3D3DDBA100000578-4227612-Miss_Nhung_s_family_from_My_Tho_Vietnam_spent_the_equivalent_of_-a-11_1487173812221

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

28 жастағы Трань Тхи Янь Нхун бір жыл бойы дәрігерлердің бақылауында болған. Алайда 27 желтоқсан күні оның жағдайы күрт нашарлап, қайтыс болды. Хирург мамандар оның денесіне түскен вирусты емдемек болады. Ақырында ем дұрыс жүзеге аспай, актриса көрмейтін, тамақ жей алмайтын дәрежеге жетеді.

Трань Тхидың отбасы осы күнге дейін оның еміне 180 000 еуро жұмсаған екен. Ақырында дәрігерлер оған Вьетнамның Митхо қаласында ота жасаған. Алайда бұл отадан кейін актрисаның қалы күрт нашарлап, денесіндегі инфекция асқынып кетеді.

24 жастағы Нханг ханым әлемдегі табысты актрисалардың бірі болуды армандап жүрген екен. Оның әпкесі Трэн Ван Хун бұл ауруды алдын алуға шақырды. “Ұзақ уақыт бойы Нхангтың қиналып жатқанын өз көзімізбен көруімізге тура келді. Осы уақыт ішінде оның бір жадырап, күлген сәті болмады”, – дейді ол.

3D3DCEA300000578-4227612-image-a-3_1487171028132

Шаралары қалмаған туысқандары бойжеткенді халық медицинасымен де емдеуге тырысқан екен. Мұрын арқылы кірген инфекция миға жетіп, ақыры адамды менингитке шалдықтырады.

Нью-Йорк қаласындағы Астма және аллергия орталығының дәрігері Веллингтон Тикэнор бойжеткеннің ағзасына инфекцияның мұрын қуысындағы жара арқылы түскенін айтып отыр. Мұнымен қатар, оның өліміне Вьетнамда дұрыс ем жүргізбеген дәрігерлердің айыпты екенін мәлімдеді.

“Бұл аурудың емделуі ауа-райымен де тікелей байланысты еді. Оның үстіне дамымаған елдердің медицинасы артта қалған әрі ол жақта Батыстағылар ауырмайтын ауру түрлері бар. Мұнымен қатар, дәрігерлер оңайлықпен байқай қоймайтын ісіктер кездеседі”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Жігіт небәрі 17 айдың ішінде қызға айналды (фото)

Әйелі күйеуінің опасыздық жасап жүргенін iPhone бағдарламасы арқылы біліп қойған

Орыс қызы төбе құйқаңды шымырлатар фотосессия жасап шошытты (фото)

Күнде қансырайтын баланың енді жыныс мүшесінен қан ағып жатыр (фото)

Талқылау