Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Азия” тобының солисі әріптестерінің алдында тәрелке сындырды (видео)

Өзіндік тыңдармандары бар “Азия” тобының солисі Ринат Баситов әріптестерінің алдында тәрелке сындырды. Алайда әріптестері әншінің бұл әрекетіне қуанып, қол соқты. Себебі, әнші өзі қолға алған фильмнің түсірілім жұмыстарын аяқтаған. Ал ыдысты бақыт әкелсін деп сындырған болатын.

image

Фото: instagram.com/sivi_makhmudi/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Отандық арналардың біріне берген соңғы сұхбатында Ринат Баситов фильм түсіріп жатқанын айтпауды жөн көрген. Себебі, әнші осы уақытқа дейін бірнеше рет уәде беріп, сөзінде тұрмаған-ды. Енді міне іске білек сыбана кіріскен сыңайлы. Екі айдан бері түсіріліп жатқан фильм дайын тұр.

Қуанышты хабармен әншінің өзі бөлісіп, инстаграмдағы парақшасында кастинг жариялаған болатын. Бұл жобаны жалғыз емес, әріптесі Сивимен бірге қолға алған. Өзі – режиссер, ал Сиви – продюсер болмақ.

АЛЛА буйыртып бастадык!!! А+А!!!

Видео опубликовано Ренат Басит (@renat_basit)

“Басты кейіпкерлердің есімі А әрібінен басталғандықтан, фильмді осылай атауды жөн көрдік. Ол жерде зағип қыздың өмірі туралы баяндалады. Қыз бен жігіт рөлін Ринат екеуіміз сомдаймыз. Туындыға Қайрат Нұртастың әкесі де түсті. Сценарийін Ринат екеуіміз жазып шықтық. Шамамен көрермендерге күз айларында жол тартпақ”, – дейді Сиви Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында. 

Мен Сен, Мен Сен, короче Сен @sivi_makhmudi 😂😂😂😂😂😂 1- серия !!!

Видео опубликовано Ренат Басит (@renat_basit)

Кайырлы Тан!!! Мен Сен 2- серия Мереке Кутты болсын!!! @sivi_makhmudi @daniyarsaid

Видео опубликовано Ренат Басит (@renat_basit)

Түсірілім жұмыстары аяқталған соң актерлер бас қосып, бақыт әкелсін деп тәрелке сындырады. Қуаныштарын бөлісуге келген достары ақ тілектерін жаудырады.

Сиви ханым фильмде өзге қандай танымал адамдардың ойнайтынын жасырып қалуды жөн көрді. Мұнымен қатар, Сиви мен Ринат Баситов түсірілім арасындағы үзілісте вайн түсіріп, желі қолданушыларын күлкіге қарқ қылды.


Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртастың әкесі енді актерлікте бағын сынап көрді

Сиви Махмуди бәрін қойып журналистиканы қолға алмақ

Сиви Махмудиге жұбайы қыз бала дүниеге әкелгені үшін $200 мыңның көлігін сыйлады

Мамыр айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін үздік фильмдер

Талқылау