Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азия ойындарының тоғызыншы күні Қазақстан 16 медаль иеленді

Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарының тоғызыншы күні Қазақстан 16 медальды қанжығасына байлады.

Сурет: Литер газеті

Бұл туралы Sports.kz басылымы хабарлайды.

Жарыстың тоғызыншы күні қазақстандық спортшылар үшін жемісті болды. Себебі, барлығы 16 медаль қоржынға түсіп, оның 5-еуі алтын, 5-еуі күміс және 6-ауы қола. Ақерке Наурызбаева, Бейімбет Қанжанов, Айжан Жылқыбаева, Ажар Кеңбейіл мен Зере Бектасқызы алтын медаль иеленді.

Ал Асылбек Смайылов, Аққал Өтебек, Әділ Қасқабай, Ғабит Төлепбай мен Эльмира Сыздықовалар күміс алқа тақты. Қола жүлдеге Динара Сәдуақасова. Әйгерім Рахатова, Ербол Алдухан, Жадыра Пайыз, Жігер Зәкіров пен Бақдәулет Әлментай ілікті. Құраманың жетістігі жалпы медаль саны бойынша еліміздің бесінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Қазір қоржында 65 медаль бар.


Жіберіп алмаңыз:

V Азия ойындары: Қазақстан бір күнде бес “алтын” иеленді

“Канело” Альварес Мексикада жер сілкінісінен зардап шеккендерге бір миллион доллар аударады (фото)

“Реал” өз ойыншысын 1 миллиард евроға бағалады

Головкинге алдағы жекпе-жекке бес қарсылас ұсынылды (фото)

Талқылау