Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлының қатысуымен жиналыс өтті.

«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды

Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының республикалық «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы және Астанадағы ҚМДБ өкілі қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді.

«Елордамыздың діни өміріне ықпалды өзгерістер енгізіп, жандандыра түсуге Наурызбай қажы Тағанұлындай білікті басшы қажет», – дейді бас мүфти.

«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды

Сонымен қатар ол Наурызбай қажы Тағанұлының таяуда жаңадан ашылған Түркістан облысындағы ҚМДБ Кеңсесінің жұмысын да жолға қойып, жаңа құрылымға жан бітірген қызметін жоғары бағалайтынын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау