Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзірбайжан банкирінің әйелі Harrods-та 8 миллиардқа жуық ақша жұмсады. Бұның қазақстандықтардың зейнетақысына қандай қатысы бар

Ұлыбританияның ұлттық қылмыстың алдын алу жөніндегі агенттігі (NCA) алғаш рет шетел азаматының байлығын анықтауды талап етті. Шетел азаматына мұндай байлықтың қайдан келгенін анықтау жылдың басында тапсырылған, бірақ айыпталушының аты-жөні тек қазір анықталды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әзірбайжан банкирінің әйелі Harrods-та 8 миллиардқа жуық ақша жұмсады. Бұның қазақстандықтардың зейнетақысына қандай қатысы бар

Әңгіме Әзірбайжан халықаралық банкінің бұрынғы басшысының әйелі Замира Хаджиева жайлы болмақ. Сот құжаттарына сәйкес, ол Harrods әмбебап дүкенінде шамамен 16 миллион фунт стерлинг жұмсап, сәнді өмір салтын жүргізіп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, банкрот болған банкирдің әйелі 20 миллион фунттан астам ақшаға жылжымайтын мүлік сатып алған.

Әзірбайжан банкирінің әйелі Harrods-та 8 миллиардқа жуық ақша жұмсады. Бұның қазақстандықтардың зейнетақысына қандай қатысы бар

Оның есімі “бұл ақпаратты сот бұйрығының мерзімі аяқталмай БАҚ-та жарияламау” туралы бұйрықтың уақыты өткен соң жұртшылыққа белгілі болды. Журналистер бұл мәліметтері қоғамдық мүдде үшін жариялау керек деп шешті.

Британдық билік бұған дейін иелігінде 50 000 фунт стерлинг байлығы бар белгісіз азаматқа мұндай байлықтың қайдан келгенін анықтауға толықтай құқық алды.

Сот құжаттарына сәйкес, Ұлыбритания билігінің күдігін тудырған Хаджиева бір күннің ішінде Harrods-та зергерлік бұйымдар алу үшін  150 000 фунт стерлинг жұмсаған.

Әңгіме ең алдымен, күдіктілердің қылмыстық әрекеті, сондай-ақ Еуропалық экономикалық кеңістіктен тыс елдердің ықпалды саяси қайраткерлері туралы болып отыр.

Әзірбайжан банкирінің әйелі Harrods-та 8 миллиардқа жуық ақша жұмсады. Бұның қазақстандықтардың зейнетақысына қандай қатысы бар

Әзірбайжан халықаралық банкінің бұрынғы басшысы Джахангир Хаджиев

Ал Қазақстанның БЖЗҚ (біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) Әзірбайжанның халықаралық банкіне 71,3 млрд теңге инвестициялаған болатын. Бірақ бұл қаржы үйі 2017 жылы банкротқа ұшырады. Содан банктің облигациялары Әзірбайжанның егеменді облигацияларына айырбасталып, қарызды 15 жылға 3,5% мөлшерінде ұзартуға мәжбүр болды.

Ұлыбританияның ұлттық қылмыстық агенттігі Harrods әмбебап дүкенінде 16 миллион фунт жұмсаған сол Әзірбайжанның халықаралық банкінің бұрынғы басшысының әйелі Замира Хаджиеваға мұндай байлықтың қайдан келгенін анықтап, осыған қатысты ақпаратты жариялауды талап етті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау