Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азиада: Универсиада жұлдыздары Қазақстан қоржынына алтын төкті

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар алтыншы жарыс күнін аса сәтті бастады.

5e68924c52dcc331cdfc3026e1d593a9

Фото: Данияр Майлыбаев

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

5ed8b3c902df7c46ebc89ccc9b479430

Әйелдер арасында фристайлдан қазақстандық спортшы Юлия Галышева алтын медаль алса, ерлер арасында Дмитрий Рейхерд қола жүлде еншіледі.

b5c6065401c5f8faf0c59653ec79d2ee

“Оңай болған жоқ, осы қарсыластарым Әлем кубогында өнер көрсетеді. Өте ауыр болды, әрбір стартта осы мықтылармен жарысамыз. Бірақ мұнда кімнің шын мәнінде мықты екені анықталды”, – деді Галышева жарыстан кейін.

cbfcee77b6763234541ce876e9079980

Сондай-ақ, бүгін ерлер арасында із қуу жарысында қазақстандық Ян Савицкий күміс жүлдені қанжығасына байласа, із қуу сынында Галина Вишневская алтын медальға ие болған.

Бұған дейін Ян Савицкий 10 шақырымға спринттен жарыста алтын алса, Вишневская 7,5 шақырым қашықтықта спринтерлік жарыстан алтын медаль жеңіп алған еді.

Әзірге Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте төртінші орында келе жатыр. Көш басында Жапония құрамасы: 14 алтын, 15 күміс, 16 қола медаль. Екінші орында Оңтүстік Корея командасы: 14 алтын, 12 күміс, 10 қола. Үштікте Қытай: 6 алтын, 6 күміс, 6 қола. Төртінші орынды еншілеп тұрған Қазақстан құрамасы: 5 алтын, 6 күміс, 7 қола.

Оқи отырыңыз:

Кәсіпқой бокста тұңғыш рет өнер көрсеткен қазақ баласы қарсыласын нокаутпен ұтты

Елбасы Қанат Исламды ЭКСПО кезінде Астанада бокс өткізуге шақырған (видео)

Қанат Ислам бразилиялық боксшыны алғашқы раундта нокаутқа жіберді

Түрік боксшысы Головкиннің бүкіл тісін қағып алатынын мәлімдеді

Талқылау