Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ажырасқан актерге тұрмысқа шыққан әнші Альбина Шардарова өзін тоқал дегендерге жауап берді (видео)

Таяуда ғана ажырасқан актер Бауыржан Сатовқа тұрмысқа шыққан әнші Альбина Шардарованы көпшілік сынға алып, «біреудің отбасын бұзды» деп сынаған еді. Ендігі оның тарапына «тоқал» сөзі де жиы айтылатын көрінеді. Өз кезегінде әнші өзін тоқал дегендерге жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Ажырасқан актерге тұрмысқа шыққан әнші Альбина Шардарова өзін тоқал дегендерге жауап берді (видео)

Жас жұбайлар Instagram желісінің тікелей эфирінде көпшіліктің сұрағына жауап берді.

Альбина өзінің тоқал екенін айтқандарға: «Бәйбішемін», – деп жауап берді.

 

Сондай-ақ, актер Бауыржан Сатовтың бұрынғы әйелімен қарым-қатынасы көпшілікті қызықтыратын тәрізді. Олар екеуінің қандай қарым-қатынаста екенін сұрап жатты.

«Бірінші әйеліммен араласпаймын. Қоймадыңыздар ғой сіздер», – деп жауап бері Бауыржан Сатов.

 

Естеріңізге сала кетсек, таяуда актер Бауыржан Сатов әнші Альбина Шардаровамен екінші рет шаңырақ көтерді. Өз кезегінде Альбина Шардарова өзін “біреудің отбасын бұзды” деп сынағандарға жауап бергенеді. Ал Актер Бауыржан Сатовтың бірінші әйелі не үшін ажырасқандарын айтты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау