Ажырасқан әнші қыз ұзата ма: Әріптестері Түсіпбаеваның пікіріне қарсы шықты

Соңғы кездері ел арасында әншілердің қыз ұзатуына қатысты екіжақты пікір айтылып жүр. Мәселен, Меруерт Түсіпбаева жеке өмірде жолы болмаған әншінің қыз ұзатқанын дұрыс емес санайды. Алайда әріптестері оның пікірімен келіспейді. 

Ажырасқан әнші қыз ұзата ма: Әріптестері Түсіпбаеваның пікіріне қарсы шықты

Бұл туралы 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Тамара Асардың айтуынша, қазақ ешқашан әнші-жыршының тағдырына үңілмеген. Ол ұзату тойда ән салатын өнерпаз тек кетіп бара жатқан қыздың мұңын жеткізеді деген пікірде.

"Әншілер - жақсылықтың жаршысы. Қазақ ешқашан әншіні түске, түрге бөлмеген. Ол бөлек тұлға. Кезінде сал-серілер, айтыскер ақындар сарайда да ән айтқан. Олардың тағдырына ешкім үңілмеген. Сондықтан біз жақсылықты шақырушы ғанамыз. Тырнақ астынан кір іздеп, инеге шаншып, жіпке тізіп, жамандықты тере беруге болмайды деп ойлаймын. Қолым құтты болсын "бісіміллә"деп барлық нәрсені жасауға болады. Тек жүрегіңдегі ниетің дұрыс болса болғаны. Мен қаншама қызды ұзаттым, әлі де ұзатып келемін. Құдайға шүкір, қолым құтты. Оған байланысты емес деп ойлаймын. Мен ұзатқанда қолтық сүйеп тұрған жоқпын. Ол басқа, қазақ қолтық сүйегенді ырымдаған. Ән айтып шығарып салу - басқа. Сен сол қыздың жүрегіндегі әнін орындап бересің", - дейді Тамара Асар.

Екі некесі сәтсіз аяқталған Шахизада Байпатшанова да әріптесімен келіспейді. Бүгінге дейін талай қызды ұзатқан ол ең бастысы ниет таза болсын деген пікірді ұстанады.

"Ол дұрыс емес. Адамның жүрегі таза, көңілі түзу болса, қыз балаға шын ниетпен ақ жол тілеп орындайтын болса, менің өмірім сіңлімнің тағдыры екі бөлек. Мен шығарып салсам, ол күйеуден екі рет ажырасады деген әңгіме емес қой. Жұғатын ауру емес қой. Әріптесім Меруерт өте қателеседі", - дейді Шахизада. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр