Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әжей гауһар тасты қымбат жүзігін 13 жылдан соң сәбіз арасынан тауып алды

Канаданың Альберта провинциясында 84 жастағы Мэри Грэм 13 жылдан соң жоғалтып алған гауһар тасты жүзігін сәбіз арасынан тауып алды.

Әжей гауһар тасты қымбат жүзігін 13 жылдан соң сәбіз арасынан тауып алды

Жүзік бақшада өскен сәбізбен қатарласып шыққан. Әжей жүзігін 2004 жылы бақшасын суғарып жүріп жоғалтып алған. Алайда бұл жайлы тек баласына ғана айтқан. Өзі соған ұқсас арзан жүзік сатып алып, ешкімге білдірместен тағып жүрген.

Әжейдің келіні бақшадан сәбіз түптеп жүріп жүзікті тауып алғанын айтады.Ұлы жүзіктің анасынікі екенін біліп, оған хабарласады. Әжей жүзігінің жоғалғанын 5 жыл бұрын қайтыс болған күйеуіне айтпағанына өкініп отыр.

«Жүзіктің қайта табылатынын білгенде, күйеуіме айтар едім. Ол бұдан ертерек тауып алар ма еді», – дейді әжей.


Тағы да оқыңыз >>>

Сәбіздің қандай пайдасы бар?

 

 

Талқылау