Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әжетханадан табылған баланың анасы осы қылмысқа екінші рет барып отыр

Алматы облысының Ақши ауылында жеке үйлердің бірінің әжетханасында табылған нәрестенің анасы ұсталды. Ол бұған дейін де осындай қылмыс жасаған, -деп хабаралайды Stan.kz сайты облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

бала

Баланың  анасы 1992 жылғы қыз болып шықты.

«Ол Қарасай ауданында тіркелген. Келіншек босанған үйге бұған дейін  қонақ болып келіп жүрген. Үйдің иелері – оның туыстары. Әйел екі жыл бұрын да  осындай қылмыс жасаған. Сол уақытта бала шетінеп кеткен. Бұның барлығы анықталады. Тергеу  жұмыстары жүріп жатыр», – деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Айта кетейік, шілденің 5-сі күні Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылындағы үйдің әжетханасынан жаңа туған нәресте табылған болатын. Куәгердің айтуынша, қыздың салмағы 3,3 келі.

“Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қыз әжетхананың ішінде туған. Нәрестені төрт метрлік шұңқырдан алып шықты”, – деді куәгер.

Оның айтуынша, қыз 4 шілдеде таңғы сағат 7-де табылған.

“Үйдің қожайыны әйелді көрмепті. Ол таңғы сағат 7-де нәрестенің жылағанын естіп, сыртқа шыққан. Содан жедел жәрдем қызметкерлерін шақырып, нәресте жергілікті ауруханаға жеткізілді. Кейіннен оқиға орнына полицейлер келіп, қыз облыстық ауруханаға жеткізілді”, – деді куәгер.

Облыстық балалар ауруханасы емдеу ісі директорының орынбасары Арман Тойбековтың айтуынша, нәрестенің жағдайы қалыпты.

“Қызға аздап суық тиген, бірақ дене температурасы қалыпты. Ауруханада тағы 10 күндей ем алады”, – деді дәрігер.

Талқылау