Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әжелер Головкин мен Канело жекпе-жегін талқылап, желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды (видео)

Әлеуметтік желіде бірер ай бұрын өткен Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекті талқылап, сарапшылық танытқан әжейлердің әңгімесі пайда болды.

“Головкин артқы кезде өзін-өзі ұстады. Бірақ анау қу бір күн бұрын Головкинді жеңем деді, сөйтіп, екеуі тең түсті ғой”, – дейді әжелер. Қолданушыларға олардың диалогындағы “алай деуге, бұлай деуге төрешілердің шамасы келмеді” дегені тіпті ұнап қалған болуы керек, көбі осы сөзінің дәлме-дәл айтылғанына назар аударып, тәнті болып жатыр.

Желі қолданушылар әжелердің шынайы әңгімелесіп, боксты сауатты талдағандарына таңғалушылық білдіріп, риза болған.

Бейнежазбаны Жандос Байділда есімді Фейсбук қолданушысы жариялаған.

Жіберіп алмаңыз:

«Канело» Головкинмен реванш өткізуге қатысты пікір білдірді

Аршавиннің әйелі қалай тұрып жатқандарын көрсетті (фото)

42 жастағы жеңіл атлет әлем чемпионатының финалына шықты

Талқылау