Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзербайжандық қара жұмысшы “Голос” шоуында қазыларды таңғалдырды (видео)

Әзербайжандық Джавид Мамедов украиналық “Голос” шоуының көрмей тыңдау жетінші кезеңінде табысты өнер көрсетті.

photo_207785

Бұл туралы 1news.az хабарлайды.

Ол Антонио Бандерастың орындауында кеңінен танылған “Cancion del mariachi” әнін орындап шықты. Әншінің дауысына Украинаның халық әртісі, “Евровидение-2016” жеңімпазы Джамала бұрылған.

Тәлімгермен сөйлескен жігіт, Гянджа қаласында туғанын, теміржол депосында темір ұстасы болып істейтінін және ешқашан вокалмен айналыспағанын айтты. Айтуынша ол болашақта өмірін музыкамен байланыстырғысы келеді.

Джамаланың өтініші бойынша, жігіт әзербайжанша да ән шырқап берді.

Талқылау