Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Аздап ренжулі: Головкиннің жаттықтырушы спортшының жеңілістен кейінгі көңіл-күйі туралы
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес GGG-нің «Канелодан» жеңілгеніне команда мүшелерінің қалай қарағанын айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Sports.kz-ке сілтеп.
Оның сөзінше, әр команда сәтсіздікке ұшыраған кезде өздерін жеңімпаз сезінеді.
«Бұл айқаста біздің жеңіске жеткенімізді сеземін. Меніңше, жеңісті «Канелоға» берген екі судьядан басқаларының бәрі Головкин жеңді деп есептейді», – дейді бас бапкер.
Абель Санчестің айтуынша, Головкин көңілсіз және Лас-Вегаста алаң иелеріне артықшылық берілетініне аздап ашулы.
«Біз шешімді өзгерту үшін ештеңе жасай алмаймыз. Сондықтан бұл мәселеге қалай келетінімізді талқыладық. Біз Геннадиді ұлттық чемпион деп санаймыз. Халық жеңіске Головкин жетті деп есептейді», – дейді Абель Санчес.
Талқылау