Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азаптап өлтірілген кәсіпкер әйелдің ағасы болған жайтты толық баяндап берді

Жамбыл облысында өлі күйінде табылған Шымкенттік кәсіпкер әйелдің шын мәнінде Гүльзахира Измадинова екенін генетикалық сараптама да дәлелдеп берді. Түгелдей жанып кеткен мәйітті полицейлер Мойынқұм ауданы аумағынан тапқан.

vsss

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Гүльзахира Измадинованың ағасы жол үстінде болған оқиға туралы айтып берді.

“Менің әпкемді өлтірді деген күдікпен Камаз жүргізушісі 37 жастағы ер адам ұсталды. Полицейлер одан бір миллион 700 мың теңге тәркілеген. Бұл қылмысқа итермелеген бірден-бір себептің бастауы болуы мүмкін. Әзірге одан басқа ешкім ұсталған жоқ. Әйтеуір, сол уақытта менің әпкемде ірі көлемде ақша болғаны анық. Ол Павлодарда өз тауарларын тапсырып, кері қайтып келе жатқан””, – дейді ағасы.

Ағасының айтуынша, Гүльзахира өз бизнесін кеңейту үшін жақында ғана үйін сатқан екен. Сол үйдің ақшасы әпкесінде болған болуы мүмкін.

Еске сала кетсек, Гүльзахира Измадинова республикалық Екатеринбург-Алматы тас жолының бойында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен еді. Алайда ол мінген көлік күтпеген жерден сынып қалған. Жүргізуші әйелдің жолай көлік ұстап кетіп қалғанын, қайтып оралмағанын туыстарына айтып берген.

Әйелдің туыстары онымен хабарласа алмағаннан кейін іздеп, шу көтере бастады. Полицияға оның жоғалып кеткенін ағасы хабарлаған. Кейінірек, оның қастандықтың кесірінен қайтыс болғаны анықталды.

Талқылау