Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азамат Сатыбалды: Өзіне сенімсіз адам ғана киноға әншілерді шақырады

Танымал актер Азамат Сатыбалды жеке театрымен қатар, жеке киностудиясын ашты. Ол енді өзін кинопродюсер ретінде сынап көрмек. Жақында Азаматтың алғашқы фильмі жарыққа шықпақ.

азамат пен тунгышбай

Тырнақалды туындысы туралы Азамат НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына айтып берді, деп жазады Stan.kz.

«Әрбір өнерпаздың, әрбір адамның жеміс сияқты пісетін уақыты болады. Абай атамыз айтпақшы, «толық адам» болып жетіледі. Биылғы жыл мен үшін сәтті, табысты жыл болып тұр. Қос арманым орындалды. Бір жағынан жеке театрымды, екінші жағынан жеке киностудиямда жеке продюсерлік кино шығып жатыр», – деген Азамат Сатыбалды су жаңа туындының мелодрама жанрында түсірілгенін айтып қалды.

«Бір сен үшін» фильмінде басты рөлді Азамат Сатыбалдымен бірге актриса Зарина Кәрмен сомдайды. Азамат пен Зарина бұған дейін де театр сахнасында бірге ойнаған.

Актердің айтуынша, фильмдегі актерлердің 95 пайызы – кәсіби мамандар. Азамат өзге сала өкілдерінің кино әлемінде жүргеніне қарсы екен.

«Менің түсінігімде әр адам өз ісімен айналысуы керек. қазақта әдемі мақал бар «торғай сойса да қасапшы сойсын» деген. Әнші ән айту керек, актер ойнау керек, режиссер түсіру керек. Вайнерлерді, әншілерді киносына шақыратын адам – өзіне сенімсіз адам. Ол өзінің киносын, идеясын, драматургиядағы ойын көрерменге жеткізуге қорыққаннан кейін соны танымал адамдар арқылы жеткізгісі келеді», – деп түсіндірді ол.

Сатыбалдының продюсер ретіндегі алғашқы туындысы 27 сәуірде үлкен экранға жол тартады.

«Барша қазақстандықтарды сол киноны көруге шақырамын. Менің түсінігімде ұялмайтын кино. Оны көру керек және ой түю керек», – дейді Азамат.

Жіберіп алмаңыз:

Анасы Қытай заңына сай осы күнге дейін Димашқа салынған тыйымдар жайлы айтты

Тоқтар Серіков: Әншіден жанды дауыста ән сұрайтын депутаттардан шыншыл болуды талап етемін

Жанар Айжанова баланың тұсауын кескен адамның міндетін түсіндірді (фото)

Димаш ұмытылмас тосын сыйы туралы айтып тыңдармандарын қуантты

Талқылау