Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азамат Сатыбалды: Ағам 100 мың теңге сұрағанда бермей қойғанмын, ол бес күннен соң көз жұмды

Азамат Сатыбалды өзегін өртеген өкініші жайлы айтты. Ағасының қазасы үшін өзін кінәлі сезінетінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасап.

Азамат Сатыбалды: Ағам 100 мың теңге сұрағанда бермей қойғанмын, ол бес күннен соң көз жұмды

Актердің айтуынша, ағасы өзінен қарызға ақша сұраған. Қолында ақшасы болғанымен оны бермегенін айтады. 

"Ағам 100 мың теңге сұрады. Бірақ жақындарым, әкем "ақшаны бермей-ақ қой, ертең қайтара алмаса, араларыңда жанжал шығады" деген еді. Соны тыңдап, қолымда бар ақшаны бермеген едім. Ағам 5 күннен жол апатынан мерт болды. Қазір соны ойласам егіліп жылаймын. Құрып кеткір 100 мыңды неге бермедім деп өкінем. Мүмкін бергенде, тірі болар ма еді, мұндай жағдай болмас па еді", - дейді актер.

Актер бауырынан айырылған соң көп уақыт өзін кінәлі сезініп жүрген. Өкініші өзегін өртейтіндей. Айтуынша, өмірден алынған осы оқиғаны арқау етіп, "Родной" атты фильмні сценарийін жаздырған.

Талқылау