Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азамат Мұсағалиев: Ресейде өмірге келсемде мен қазақпын

Ресейлік ТНТ арнасындағы “Где логика?” жобасының жүргізушісі, танымал квн ойыншысы Азамат Мұсағалиев шығармашылығы, өмірі туралы айтып берді.

2621554

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Мен қанша жерден Ресейде тусам да, қазақпын. Мен үлкен қазақи ортада өстім және ата м мен әжем кішкентайымнан мені ұлттық дәстүрмен тәрбиеледі. Қазақ тілін де жақсы білемін. Бірақ, жұмыс кестем тығыз болғандықтан Қазақстанға жиі келіп тұрамын деп айта алмаймын. Тіпті отбасымның өзіне уақытта әрең табамын”, – дейді ол.

Ол өзінің сондай-ақ, бала күнінде кім болуды армандағанын да айтты.

2621561

“Анам менің офисте жұмыс істегенімді қалады. Ал әкем дәрігер болсаң дейтін. Ақыры мен әкемнің қолы жетпеген арманын орындайын деп медициналық академияға түстім. Бірақ, анам қарсы болып, мен инженер-эколог деген мамандықты таңдадым. Ал “Интерны” сериалында дәрігердің рөлін ойнаған кезімде “Сенің арманың ақыры орындалды” деп айтты”, – дейді актер.

Оқи отырыңыз:

Баян Мақсатқызы “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” кинокартинасын таспаламақ (видео)

Қазақтың гаухар тасы: Димаш тыңдармандарын тәнті етті (видео)

Димаш сахнада ұшып жүріп ән айтты (видео)

Айман Мұсақожаева: Немерем Димаштай әнші болуды армандап жүр

Талқылау