Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айжан Нұрмағамбетова: Мені Леди Гагаға намысы жоқтар ұқсатады

Қазақ эстрадасының ерекше образды әншісі Айжан Нұрмағамбетованы жұрт Леди Гагаға ұқсатады. Кейбіреулер, тіпті, оны американдық әншінің образын ұрлап алған деп айыптаған. Алайда сахна төріне 30 жыл бұрын шыққан әнші өнер әлеміне Леди Гагадан әлдеқайда бұрын келгенін айтып қынжылады.

айжан нурмаганбет

Нұрмағамбетова өзін Леди Гагаға ұқсататындарды «намыссыздар» деп атады.

«Осы қазағымызға не жетпейді? Бір жерің дұрыс болмаса, қазақ емес деп шығады. Леди Гага нешінші жылы шықты? Ол дұрыс емес, маған Леди Гага десе, мен кішкене ашуланамын. Леди Гага өзі бәрін Мадоннадан көшіріп алған. Мені Леди Гагаға ұқсататын жандардың намысы жоқ. Намыс қайда? Мен де даладан алған жоқпын, Леди Гага да даладан алған жоқ», – деді әнші Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында.

Одан бөлек, әнші шашын ақ түске бояуының себебін түсіндірді.

«Қартайып қалыпты ғой, шашын неге аққа бояйды?» деп айтады. Енді біреулер: «Ақ шашы бар, сол үшін бояйды да» деп айтып жатады. Ондай ештеңе де жоқ. Табиғи түсі қоңыр, шашым ағарып кетпеген», – дейді әнші.

Жіберіп алмаңыз: 

Эстрада жұлдыздары алғаш рет қанша жаста сүйіскендерін айтып берді

Серік Ибрагимовтің әулеті дүркіретіп той тойлады (фото, видео)

Ерлан Орынбасаров: Баянға деген сезімімді алғаш WhatsApp арқылы білдірдім

Сәкен Майғазиев: Жанболатқа арқа сүйеп талай жігітке доқ көрсеттік

Талқылау