Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айжан Нұрмағамбетова емі жоқ ауруға шалдыққанын айтты

Қазақ эстардасының аға буын өкілі Айжан Нұрмағамбетованың денсаулығы сыр беріп жүр. Ұзақ уақыт ауруға шалдыққан Нұрмағамбетованың дертіне дәрігерлер ем таппаған.

image

Фото: kivvi.kz

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Өзіндік тыңдармандары бар әнші Айжан Нұрмағамбетова соңғы кезде жұрт көзінен таса болған-ды. Ол өзінің дәрігерлер емін таппаған ауруға шалдыққанын айтты.

“Мені барлығы косметикалық процедураларға көп барады деп ойлайтын шығар. Бетке жағатын кремдер мен металлға, антибиотиктерге менде аллергия бар. Содан кішкене ауырып қалғанымда, үш-төрт терапевт емін таба алмады. Бір антибиотик салғанда, тіпті, анафилаксиялық шок алдым”, – дейді әнші.

Нұрмағамбетованың бұл жағдайынан үзеңгілестері бейхабар болып шыққан. Ал әнші ауруы әбден асқынған соң, аяққа енді ғана тұрған.

“Шынымды айтсам, бұл оқиғаны естіген жоқпын. Мүлдем бейхабармын. Қиын сәтте қасында болмағанымыз, біздің барлығымыздың кемшілігіміз болуы мүмкін. Ол кісіге Аллам шипасын берсін”, – дейді Бейбіт Құшқалиев.

Әншінің ұзақ уақыт ауырып, дамылсыз ем іздегенінен Ғаділбек Шүренбай да хабарсыз болып шықты.

“Мен қазір сіздерден естіп тұрмын. Өнер адамдарына тіл-көз тиеді ғой. Ал Айжан апайымыз ешкімге ұқсамайтын, ерекше тұлға. Ол кісінің ауырмағанын тілейміз”, – дейді Ғаділбек.

Айжан Нұрмағамбетованың ауруына дәрігерлер ем тағайындай алмаған. Белгілі бір диагноз қойя алмай дал болған. Әнші осындай дертін қоздырып алмас үшін сұлулықты сақтап, жасартатын арнайы бір процедуралар жасаудан қорқатынын жеткізді.


Оқи отырыңыз:

Төреғали Төреәлі денсаулығының сыр беріп жүргенін айтты

Қайрат Нұртас ауырып жатыр

Талқылау