Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айжан Нұрмағамбетова атышулы Байзақованы жақтап шықты

Жақында ғана жүктілігін жария еткен Айжан Байзақова қазақ қоғамын мықтап ашуландырды. Осы уақытқа дейін әдепсіз қылығымен көзге түскен бикештің некесіз жүктілігін жария етуі әсіресе, ел жанашырларына ұнамай отыр. Десе де, танымалдар арасында Айжанды қолдайтындар да бар болып шықты.

Айжан Нұрмағамбетова атышулы Байзақованы жақтап шықты

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жеңіс Ысқақова Байзақованың әрекетін құптамайды. Өнер иесі, атышулы бикештің әрекетінен хабардар.

“Байзақова қызымдай сіңлім, абайлап жүрсе екен деймін. Өйткені біреу ашулануы, қиянат жасауы да мүмкін. Сен қазақтың қызысың, не істеп жүрсің деп бір күні басынан бір-ақ ұрса, сосын не болады? Жаман болады, әрине”, – дейді ол.

Мөлдір Әуелбекова да Айжанға қатысты өз тілегін былай жеткізді.

“Ол салт-дәстүрімізге, біздің менталитетімізге, айта берсең көп… Біздің қазағымыз қаны таза, текті халық. Сол себепті етек-жеңін жауып жүрген дұрыс қой”, – дейді Мөлдір.

Ал танымал әнші Айжан Нұрмағамбетова жас қыздың әрекетіне кешіріммен қарау керек деп отыр.

“Қазір енді жастар өздері білсін. Кім біледі, тұрмысқа шықпаса да, қасында жақсы жігіті бар шығар”, – дейді Нұрмағамбетова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау