Көрсетуге міндетті емеспін: Байзақова баласының әкесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтып берді

КТК арнасының “Астарлы ақиқат” бағдарламасында атышулы Айжан Байзақова өзінің образы жайлы қойылған сұрақтарға жасқанбай жауап берді. Тек бағдарламаның басында жеке басына қатысты сұрақтарға жауап бергенді жақсы көрмейтінін ескертіп өтті. Әйтсе де сұхбат барысында блогер кейбір қазақстандықтарды мазалап жүрген сұраққа жауап берді. Жақында ғана туылған нәрестенің әкесі туралы аз да болса сөз қозғады. Махаббатын тапқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Астаналық беделді адам» Байзақованы пышақтамақшы болған

“Инстаграмда барлығы баламның кім екенін білгісі келсе, мен оның кім екенін айтуға міндетті емеспін. Көпшілік менің анамды, әкемді көрген жоқ. Мен бұны жеке өмірім деп санаймын. Көрсетуге міндетті емеспін. Бізде барлығы жақсы. Бірақ оның кім екенін білу бәріне міндет емес. Мен ол адамды көрсетпеген соң, барлығы кімнен жүкті болып қалғанын білмейді деп жазады. Барлығы керемет”, — деді Байзақова

Дина Төлепбергеннің жақын арада тойда болуы мүмкін ғой деген сұрағына Байзақова тойларға қарсы екенін айтты.

“Мен бір-біріңді жақсы көрсеңдер, қағаз жүзінде жазысудың керегі жоқ деп ойлаймын. Жай ғана бірге болуға болады. Ал қағаз жұмыстары маңызды емес. Махаббат болмағанда баланы қалдырмайтын едім деп ойлаймын”, — дейді ол.

Байзақова қазіргі атын шығармай тұрып, сериалдарға түсіп, актерлық қабілетімен танылғанын біреу білсе, біреу білмейді. Алғашқы махаббаты жүрегін жаралаған соң, артық ойы, сөзі жоқ Байзақова образын түбегейлі өзгерту туралы шешім қабылдаған. Оның айтуы бойынша, ол бұрынғы жігітінің әрбір айтқан сөзіне кәміл сенген. Қыз бала тек үйде отырып, үй шаруасымен айналысуы керек деп ойлаған. Кейін жігітімен айырылысқан соң, бұның барлығы қате пікір екенін түсінген. Бүгінгі күнгі образын қалыптастырып, оны табыс көзіне айналдырған.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар