Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айжан Байзақова “әйелдердің әңгімесіне” араласатын қазақстандық жігіттерді сынады

Айжан Байзақова өзіне үнемі сын айтып жататын қазақстандық жігіттердің қандай екенін айтып берді.

Атышулы Айжан Байзақова соңғы кезде ел аузында да, БАҚ-та да талқыланып жатты. Ана атанғалы бері көпшіліктің қызығушылығы екі есеге өсті. Бірі сәбидің әкесінің кім екенін білмей дал болды, бірі өз болжамын жазды.

“Сіздер маған баламды қазақ жігіттері сияқты тәрбиелі қылып өсіруді айтып жатырсыздар ма? Желіде “силикон омыраумен қалай бала емізесің?”, “Балаңның әкесі кім?” деген сияқты және басқа да жағымсыз пікір жазатындардың 90 пайызы жігіттер болса, қандай тәрбиелі жігіт туралы айтып жатырсыздар? Әйелдер қауымы құттықтап, шын жүректен қуанып жатты. Ал, ер азаматтар ше? Істейтін іс жоқ па? Сіздерді тек әйелдердің әңгімесі ғана мазалай ма?

Бұл сөзге пікір жазушы қыздар қосыла кетті. Олар қазіргі жігіттердің майдаланып кеткенін айтып жатты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау