Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айзада Авлатарованы ұрлаған еркек оны зорлаған деп күдіктелуде

Генерал-майор Мұрат Ұрымханов Айзада Авлатарованың табылуына көмектескендерге ризашылығын білдіріп, аталған оқиғаның тергеу барысы туралы айтып берді.

pogudx49ha3u2mnlo.r800x600.361fd56b

Бұл туралы Today.kz хабарлайды.

Алматыда жоғалған қыз туралы оқиға қоғамды дүр сілкіндірген болатын. Жоғалған қызды іздеуге үлес қосқан еріктілер мен блогерлерді, БАҚ өкілдерін құттықтау шарасы өтті.

Мұрат Ұрымхановтың айтуынша,  күдікті Игорь Токаревқазіргі уақытта қызды ұрлаудан өзге қылмыстарға байланысты анықталып жатыр. Қылмыстық іс ақпан айында сотқа жолданатын болады.

“Игорь Токарев бұған дейін сотталған. Соңғы рет 12 жылға бас бостандығынан айырылған. Содан 2006 жылы бостандыққа жіберілген. Ол қыз зорлау, адамды бостандығынан зайсыз айыру, қарақшылық пен ұрлық сынды ауыр қылмыстары үшін жазаға тартылған. Қазіргі уақытта оған ұрлық, зорлық және тонау әрекеттері бойынша айып тағылды. Күдікті отбасылы болған. Оның әйелі мен екі қызы болған”, – деді генерал-майор.

Шарада “Экономика және құқық” колледжінің директоры Айгүл Нұрғазиева, оның екі орынбасары және оқытушы Бақыт Қарабалаева, сонымен қатар Равиль Розахунов, Константин Авершин, Руслан Ниязов, Ришат Нұрсеитов, Расул Баратов, Данияр Фафролов есімді полицейлер және ерікті азаматтар, барлығы 15 адам, сыйлыққа ұсынылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін ІІД Айзада Авлатарованы қалай ұрланғаны жайында толық мәлімет бергені туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау