Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айзада Авлатарованы ұрлаған ер адам 15 жылға сотталды

Алматы облысы, Жамбыл аудандық соты Айзада Авлатарованы ұрлап кеткен күдікті Игорь Токаревті бас бостандығынан айыру туралы үкімді шығарды.

89_main

Сурет Алматы облыстық ІІД

“Ол айыпты деп танылып, жазасын 15 жыл жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. Өз кінәсін толықтай мойындады. Барлық зардап шегушілер оған лайықты жаза тағайындалуын сұрады”, – деді Жамбыл аудандық прокурорының орынбасары Алмас Айдар.

46 жастағы Токарев зат ұрлау, бірнеше рет адам ұрлау, зорлау, көлік ұрлау, жыныстық зорлық әрекеттерін жасау бойынша айыпталған. Оған тиесілі дүние-мүлік те тәркіленбек. Үкім әлі заңды күшіне енбеді.

Еске сала кетсек, өткен жылдың желтоқсан айында Алматы облысында Айзада Авлатарованың жоғалып кетуі үлкен шу тудырған еді. Оны іздеуге полицейлер мен 150-ден аса еріктілер қатысқан. Кейінірек, такси жүргізушісі болып алдағы Игорь Токаревтің Айзаданы ұрлап, бірнеше күн ұстағаны белгілі болған еді. Қызды Ұлттық гвардия жауынгерлері тапты.

Талқылау