Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айзада Авлатарованы ұрлаған азамат отбасында екі қыз тәрбиелеп отыр

Айзада Авлатарованы ұрлаған Игорь Токарев Жамбыл ауданында жасалған ұрлыққа, Талғар қаласында болған қыз зорлау әрекетіне және Қарасай ауданында өзгенің көлігін айдап әкеткен қылмысқа қатысты күдіктеліп отыр. Күдіктінің екі қыздың әкесі екені анықталды.

nashbryanskru_pohitelipytali-800x500_c^14A8E14D77DEC035046E1A215D4F18D6282D338F0C7A7C87D7^pimgpsh_fullsize_distr

Бұл туралы STAN.KZ Caravan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның кіші қызы 5 жаста екен. Токаревтің айтуынша, ол өмірде небір қиыншылықтарды бастан кешкен. Соның салдарынан маскүнемдікке салынып кеткен. Тіпті, күніге ішімдік ішетінедей жағдайға жеткен. Ол осымен 4-рет қылмыстық іске айыпталып отыр.

Айзада өзін ұрлаған азаматтан қашып кету әрекеттерін ойламаған. Тіпті, полицейлерге оның зорлап ұстап отырғанын да айтпаған. Тек қана есімі Айзада екенін ғана айтқан. Ер азамат Айзаданы әбден қорқытып тастаған.

“Айзаданың айтуынша, ол колледжге дейін жету үшін такси тоқтатқан. Алайда жүргізші ол бағытқа қарай жүрмеген. Жүргізуші қыздың сауалына онымен қыдырып жүргісі келетінін, жалғыз өзі зеріккенін айтады. Айзада курстас қызына телефон шалып, жүргізушінің басқа жаққа әкетіп бара жатқанын айтқанда, жүргізуші оның екі телефонын тартып алып, лақтырып тастайды. Егер оның айтқанын істемейтін болса, ұратын айтып қорқытады. Қыздың көзін жеткізу үшін оған пышаққа ұқсас жылтар затты тақаған. Айзаданың айтуынша, оларды іздестіру кезінде бір аптаға жуық иесіз қалған саяжайда түнеген. Игорь Токарев үнемі қорқытып, қашып кетпеуі үшін оған ішімдік ішкізген”, – деп мәлімдеді Алматы облысы ІІД басқармасының бірінші орынбасары, полиция полковнигі  Нұрлан Мәсімов мәлімдеді.

Талқылау