Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айына 6 мың доллардан: Алтынай Жорабаева несиесін төлей алмай, қарызға батқан

Алтынай Жорабаева бір кездері несиеге көлік, артынша зәулім үй аламын деп күйіп қала жаздаған. Айына 6 мың доллардан төлеп келген әнші отбасылық дағдарыс кезінде бір жыл бойы банкке қарызын қайтара алмапты. Ақыры сотқа дейін барған.

Алтынай Жорабаева

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Иә, басымда кредит болды. 2003-2004 жылдары көлігімізді несиеге алғанбыз. Оны жаптық. Содан кейін жер үй несиеде болды. Сотқа шақырылған жағдайлар да болды”, – дейді Жорабаева.

Әнші банкке айына 6 мың доллардан төлеп отырған. Алайда күндердің күнінде ақшасы болмай, қарызға батқан. Тіпті, соттың алдынан бір-ақ шығыпты. Ол күнді Жорабаева былай деп еске алады:

“Үйлердің бағасы жоғары болып тұрды да, бірден үйдің бағасы түсіп кеткен уақытта айына 6000 доллар төлейтінбіз. Бір жыл төленбей қалды бізде. Содан сотқа кетіп қалды. Жақын арада жалғыз өзім бәрін жауып тастадым”, – дейді Алтынай.

Әріптесіне қарағанда Гүлнұр Оразымбетова несиеге жоламауға тырысады.

“Кредит алмауға тырысамын. Себебі несие алып жатқан адамдарды көріп жүрміз. Уақытылы ақшасы төленбегеннен кейін үстіндегі өсімі өсіп кетеді, сұмдық дүние. Барынша несие алмауға тырысыңыздар деп айтқым келеді. Бір рет қана бөліп төлеуге теледидар алғанбыз”, – дейді Оразымбетова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау