Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айым Ұлтомбаеваның өліміне күдіктелген азамат тағы бір қызды өлтірмек болғаны үшін сотталған

14 жастағы Айым Ұлтомбаеваның өліміне қатысты жаңа деректер шықты.  Қыздың өліміне күдіктелген азаматқа қыздың денесін тапқанға дейінгі екі апта бұрын адамға ауыр дене жарақаттарын қалдырғаны үшін жаза тағайындалған.

Rh7ZnTQEZDA-1_2

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Өткен жылдың қараша айында 23 жастағы Б. Мақсат семейлік қызды қылқындырып өлтіріп қоя жаздаған.

Айта кетейік, ШҚО Жарма ауданының Шар қаласынан АйымҰлтомбаеваның денесі өлі күйінде табылған. Оның өліміне көршісі күдікті деп танылды.

Енді Айымның өліміне күдікті деп танылған азаматтың өзге қылмысы бойынша істі болып, сот шешімін күтіп жатқаны белгілі болды. Сәуір айының аяғында Семей қалалық соты Б.Мақсатты 5 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарған екен.

Сот мәліметтеріне жүгінсек, 2015 жылдың қараша айында өзінің айтуынша Семейге туыстарының үйіне келген. Ол жерде семейлік қызбен ұрысып қалып, соңынан үйіне барып оны қылқындырған. Қыз тек есінен танып қалғанда ғана, оны босатқан. Қыз жігіттің бұл әрекеті жайлы ешкімге тіс жармайтынын айтып, өзін босатуды өтінген. Кейіннен зардап шегушіге стационарлы ем қабылдауға тура келген.

2015 жылы күдікті ұрлық істегені үшін шартты мерзімге сотталған. Қазір оған қатысты кәмілетке толмаған қыздың өлімі және ауыр халде жатқан қыздың жағдайына қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Даниил Романов

Талқылау