Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айықтыру орталығына түсіп көз жұмған азаматқа қатысты сот тыңдалымы өтті

Айықтырғышта көз жұмған Николай Кривенконың ісіне қатысты сот тындалымында қос тарап та қолда бар айғақтарын ұсынып бақты. Жан түршігерлік оқиғаға қатысты үкім таяу арада шығарылады.

Зардап шегуші Николай Кривенко 15 наурызда бірнеше ауыр соққыдан айықтыру бөлмесінде көз жұмды. Қорғаушының айтуынша, марқұм сыра ішкен көрінеді, деп хабарлайды Астана арнасы.

Арнайы сараптама қорытындысы марқұмның орташа масаю күйінде болғанын көрсеткен. Айықтыру орнына түскен Кривенко, өкінішке орай, ол жерден тірі шықпады.  Істі қарап жатқан судья БАҚ өкілдерінің қатысуымен марқұм Кривенконың соққыға жығылғаны жазылған бейнетаспаны қайта қарап шықты.

Онда жәбірленушінің айықтырғышқа қалай жеткізілгені, ол жерде болып жатқан әрекеттер анық көрінеді. Кадрларда күдікті Мырзабеков пен Саят Сатынның Кривенкоға қол жұмсап жатқаны жазылып қалған. Біреуі бұрынғы тәртіп сақшысы, ал екіншісі фельдшер болып істеген. Алайда олар өз жауабында марқұм Кривенко сыраның буымен өнер көрсетіп, ырыққа көнбеген соң сабадық деп отыр.

“Кривенко мені балағаттады, ал мен оған қол көтеруге болмайтынын білемін. Бірақ ол адам қол жүгірте бастаған соң, тыныштандыру үшін бір екі рет соққы жасағаным рас. Сондай ауыр соққы жасадым деп айта алмаймын. Ол агрессивті адам болатын. Бұрын бокспен айналысқан екен деп естідім”, – деді айыпталушы Берік Мырзабеков.

Ал марқұмның анасы Татьяна Кривенко ұлымның өмірге деген құштарлығы зор болған дейді. 29 жасында отбасылы болғысы келгенін айтып еді деп егіледі ол.

“Ұлыма қатысты «агрессивті, бокспен айналысқандықтан басында ауытқушылықтар болған» деген сөздердің ешбірі шындыққа жанаспайды. Айналып келгенде марқұм болған жанды айыптап отыр. Оның сол кездегі жағдайына байланысты сот-медициналық сараптамасы бар”, – дейді марқұмның анасы Татьяна Кривенко.

Тараптарды тындау барысында жәбірленуші тараптың қорғаушысы айыпталушыларға ең ауыр жаза беруді сұрады.

“Мырзабековке, Сатынға, Камбековке 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілсін. Сонымен қатар, жерлеу рәсіміне кеткен материалдық шығын 177 мың теңгені өндіруді сұраймыз.  Бейітті қоршауға жұмсалған 149 мың теңге де өндіріліп берілсін. Моральді шығындар тағы бар”, – деді қорғаушы Олег Кубасов,

Сот тындалымында, мемлекеттік айыптаушы марқұмды сабады деп айыпталған Мырзабековке 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Ал наркология орталығының маманын 9 жыл жазаға кесуді, сондай-ақ медицина саласында 10 жыл қызмет ету құқығынан айыруды, ал басқа күдіктілерді үй қамағына алуды талап етті. Енді тараптар жақын күндері шығарылатын сот үкімін күтеді.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда ХҚКО қызметкері азаматтарға қатысты құпия құжаттарды банктегі танысының өтінішімен алғанын мойындады

Шымкенттік мұғалімдер тесттен төмен балл жинап ұятқа қалды

Шымкентте жүрек тұсынан пышақталған жігіт жанжалдың неден шыққанын айтты

Талқылау